30 наурыз 2022

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы,ғасыр саңлағы» атты бейнебаяны ұсынылды. Бейнебаянда ақынның өмір жолы мен шығармашылықтары жайында қысқаша мағлұмат беріліп, кітапхананың тұрақты оқырмандары ақынның өлең жолдарынан үзінділер оқыды.


23 наурыз 2022

«Наурыз – Шымқалада» жалғасуда. «ShymQala» этно ауылында 23 наурыз – Ұлыстың ұлы тойы – Жоралғы күні аталып өтілді. Жоралғы күні мейрамы аясында кітапхана қызметкерлері «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер» театрымен бірлесе ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, «Құда күту» этнотанымдық мазмұнды көрінісін өткізді.



22 наурыз 2022

«Наурыз – Көктем мерекесі». Қазақ елі үшін қашанда қасиетті саналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қала тұрғындары үшін кең көлемде аталып өтті. «ShymQala» этно ауылының алаңында арнайы тігілген киіз үйлердің бірін көздің жауын аларлықтай қазақи нақышта безендіріп, Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алды.



20 наурыз 2022

«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, «Арбат» демалыс аймағында өтіп жатқан 20 наурыз – Зияткерлік күніне арналған мерекелік іс-шарада кітапхана ұжымы арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттап, назарына ұсынды. 19 наурыз – Зияткерлік күні. Осы күні балалардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Жастардың дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі баланың санасын дамытуға бағытталған басқа да амал-тәсілдері дәріптеледі.


19 наурыз 2022

Кітапхана жанынан құрылған «Жақсымен өткен жарты сағат» клубының бүгінгі қонағы – ОҚМУ-нің театр және эстрадалық шығармашылық кафедрасының аға оқытушысы-Ләйлә Жұмабекқызы «Ата-баба салт-дәстүрін мақтан тұтамын» тақырыбында жарты сағаттық қызықты тарихи әңгіме құрды. Клуб қатысушылары арасында қазақтың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлері туралы әңгіме талқыланып, өздерінің мақтан тұтатын салт-дәстүрлері жайында қысқаша ойларымен бөлісті.


18 наурыз 2022

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей оқушыларының қатысуымен кітапханада Ұлыстың Ұлы күніне орай «Көктем шақырады!» мерекелік кеш өтті. Мектеп оқушыларының ұйымдастырған «Жайқалған жапырақтар» биі ұсынылып, «Көктем келді» тақырыбында әдеби-композиция ұсынылды. Және де жастардың рухани білімін арттыру мақсатында «жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» атты бата беру сайысы ұйымдастырылды. Кеш соңында «Қол күрес», «Асық» қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.


17 наурыз 2022

Арбат демалыс аймағында «Наурыз Шымқалада» мерекелік іс-шарасының «Тарихқа тағзым» күні аталып өтті. «Тарихқа тағзым» атты кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көрмеге ХХ ғасырдың тарихы, қазақтың би-шешендері жайында тарихи құнды кітаптар қойылды.



16 наурыз 2022

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында кітапханада этнографиялық-танымдық сағат өтті. Мерекелік шараға политехникалық колледждің студенттері, Циолковский атындағы №84 ЖОББМ, Б. Момышұлы атындағы №44 мектептің оқушылары қатысты. Іс-шара «Сыған» биімен басталып, наурыз мерекесі тақырыбында әдеби-композициямен жалғасты.



15 наурыз 2022

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың Ұлы күніне орай кітапхана ұжымы «Ұлыстың оңы, ырыстың молы – Наурызым!» тақырыбында «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері арасында мерекелік кеш өткізді. Наурыз мерекесі жайлы толық мағлұмат беріліп, арнайы көрмемен таныстырылды. «Наурызнама» тақырыбында этнографиялық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, «әз-Наурыз» тақырыбында жырдан шашу шашылып, кеш жастары «Үкілі қыз» атты қазақ биін, «Ауылым атты әнін тарту етті. Ұлыстың Ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін деген батамен кеш қорытындалды.


15 наурыз 2022

Ұлыстың Ұлы күніне орай кітапхана жанынан құрылған «Жас өркен» әдеби клубының жастарының арасында «Наурыздың жеті жаңалығы» атты пікір алмасу кеші өтті. Мәдениеттанушы С. Ерғалидің «Ақиқат» журналында жарияланған «Наурызға қатысты жеті жаңалығы» мақаласын ортаға тастап, өзара ой-пікірлерімен бөлісті.



14 наурыз 2022

М.Тасова атындағы мамандандырылған №12 мектеп-интернаты оқушылары арасында 14 наурыз - Көрісу күніне орай «Бір жас қосуыңмен...» атты ақпараттық сағат өтті. Оқушыларға көрісу күнінің шығу тарихы жайында көптеген мағлұматтар беріліп, арнайы тақырып бойынша жинақталған кітап көрмесі таныстырылды. Жасөспірімдер өзара көрісіп, ыстық лебіздерін білдіріп, бір-бірлеріне алғыс тілектерін айтты.


14 наурыз 2022

2022 жыл – Балалар жылы. Осыған орай, кітапхана қызметкерлері «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебіне жол тартып, «Өнерлі бала – өрге жүзер» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне шолу жасап, насихаттап, өнерлі балалардың өнерлерін тамашалап, кітапханамызға арнайы шақырып қайтты.


12 наурыз 2022

Акция жалғасуда. Жасырын камера: «Біз сізді іздейміз» акциясының кезекті кітапсүйер кейіпкерлерін қаламыздың сауда, демалыс орындарын аралап кітапты құмарлана оқып отырған қала тұрғындарымен жақын тілдесіп қандай кітап оқып отырғаны жайлы әңгіме құрылды. Олардың психологиялық, мотивациялық кітаптарды оқитыны және жаңа кітаптарды іздеп жүргені анық болды. Осы ретте кітапханаға шақырып, оларға тиісті кітаптарды ұсына алатынымыз жайлы хабардар етілді.


11 наурыз 2022

Жасырын камера: «Біз сізді іздейміз» акциясы бастау алды. Сүйікті қаламыздың кітапқұмар жандарының кітап оқып отырған сәтін тосыннан жасырын камераға түсіріп алу арқылы оқырманмен жақын танысып, кітапханамызға шақырып «Оқырман билетін» ұсынып, кітапханамыздың тұрақты оқырманына айналдыру. Жыл соңында таңдап алынған қызықты шығарманы оқып, мазмұндап берген оқырмандарды кітапхананың «Facebook», «Instagram», «TikTok» әлеуметтік желілеріне жариялап, сыйлықтармен марапатталады.


5 наурыз 2022

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Аналарға мың тағзым, көркі болған ғаламның» жыр-мүшәйрасы өтті. Мерекелік шара «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері арасында өткізілді. Қатысушы арулар «Тұмар», «Сәукеле» коллекциясынан арнайы тігілген киім үлгілерінен дефиле ұсынылып, аяулы аналар мен ару қыздарға арналып өлеңдер оқылды.«Көненің көзі» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап беріліп, өнерімен ерекшеленген аруларымыз арнайы марапатқа ие болды.


1 наурыз 2022

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай кітапхана ұжымы қала саябақтарына сапарға шығып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл сыйлап, «Кімге алғыс айтар едіңіз?» сұрақ төңірегінде мерекелік жүздесу жүргізді. Саябақ демалушылары жақындарына жүрекжарды тілектерін жеткізді.


1 наурыз 2022

1 наурыз – «Алғыс айту» күні. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Облыстық Жасөспірімдер үйі» КММ-де алғыс айту күніне орай «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым!» атты ақпараттық-танымдық кеші өтті. Жасөспірімдер мерекеге сай викториналық сұрақтарға жауап беріп, өлеңдер оқыды, ән шырқады. Шараға қатысушылар жақсылыққа лайық адамдарға, қазақ халқына деген ізгі тілектерін, алғыстарын көбелек бейнелеріне түсіру арқылы білдірді.


25 ақпан 2022

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ақынның құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында А.Байтұрсынов ескерткіші алдында «Мен – Қазақпын!» атты әдеби іс-шарасы өтті.



18 ақпан 2022

«Кітапхана-ғылым, білім және мәдениет орталығы» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Орталық Азия инновациялық университетінің студенттеріне «Әдеби зерттеудің нысанын анықтау амалдары мен жолдары», «Библиография түзу мәселелері» бойынша толыққанды әдеби-библиографиялық шолу жасалынды. Жастарды ғылыми бағытқа даярлау, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту, ғылыми-мәдени интеллектуалдылығын қалыптастыру мақсатында өткен ғылыми сағаттан қатысушылар әдеби- теориялық мағлұмат алды.


16 ақпан 2022

Қазақтың талантты ақыны Төлеген Айбергеновтың туғанына 85 жыл. Кітапхана оқу залында «Экология, өлкетану және туризм орталығы» оқушыларының қатысуымен ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сағынып тұрған жырлары жүректермен сырласқан» атты екі кезеңнен тұратын көркемсөз оқу байқауы өтті. 1-кезең Т.Айбергенов өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, 2-кезең ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.