22 желтоқсан 2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында «Атымды адам қойған соң...» атты жазушы, әдебиет сыншысы, түрколог ғалым, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы иегері Құлбек Ергөбектің 65 жасқа толуына орай әдеби - шығармашылық кеші өтті. Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының сахнасында өткізілген іс-шараға ЖОО, колледж ұстаздары мен студенттері, 6506 әскери бөлімнің сарбаздары, кітапханашылар қатысты.



12 желтоқсан 2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» патриоттық кеш өткізілді. Шараға Жастар ресурсы орталығының белсенді жастары, «Парасат» колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастау алды. Кештің қонақтары өнегелі ұстаздар Г.Оспанова, А.Атаханова Тәуелсіздік аңсаған ата-баба, аға буынның тілек арманын жүзеге асырып, жасампаздық пен бейбіт өмір үшін жазықсыз жапа шеккен жастар туралы әңгімеледі. Тәуелсіз Қазақстан-Мәңгілік Елдің жарқын болашағы туралы, өркениеттің биік шыңына жету мақсатында жасалған істер жөнінде мағлұмат берілді. Туған жер, Отан, Тәуелсіздік туралы өлеңдер, нақыл сөздер әрлеп оқылып, әуезді әндер шырқалды. Ауқымды суреттемелі кітап көрмесіне шолу жасалды. Бұл шара жастарға патриоттық тәрбие беруге, мемлекетімізге деген құрметін арттыруға ықпал етті.


11 желтоқсан 2017



Заңға сәйкес діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша «Террорға тосқауыл заман талабы» атты түсіндірме сабағы ОҚО ІІД ӘҚІҚБ аға жедел уәкілі полиция майоры А.К.Есенкуловтың қатысуымен өтті.




23 қараша 2017

«Жүзінде иман, сөзінде инабат-дидарғанибет» - ақын Қ.Төлеметовтың мерейлі 75 жылдығына орайластырылып сазды-поэзия кеші Ақпан батыр атындағы №10, №63 негізгі орта мектеп оқушыларымен өтті. Әдебиетке өзінің кітабымен де, ісімен де қомақты үлес қосқан, өнердің шын жанашыры болған Қ.Төлеметовтің шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Оқушылар ақынның өлеңдерiн әрлеп оқып, жұртшылық сүйіп тыңдайтын «Аппақ гүлдер» әнін кітапханашы Қ.Елекева орындап оқырмандарды тамсандырды. Шығармашылығын көбірек танып білу мақсатында дайындалған «Поэзия» сөзжұмбағын шешуге белсене атсалысты.


17 қараша 2017

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, «Туған жер» бағдарламасын колдау мақсатында «Тірегім сен-туған жер» атты Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкер-меценаты, профессор, «Тұран» колледжі қамқоршылар кеңесінің мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері О.Ботбайдың шығармашылығына арналған іс-шара өтті.



3 қараша 2017

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына, "Түркістан 2017 жыл-Түркі әлемінің мәдени астанасы" жылына орай облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығымен бірлескен өңірдегі жас таланттар арасында "Жыр тұнған жүрек" атты облыстық жыр мүшайрасы өтті. Мүшайра екі тақырыпты қамтыды:1."Тәуелсіздік-тірегім" (ҚР тәуелсіздігі жылдары жетістіктері туралы), 2."Оңтүстігім-жыр елім" (Оңтүстік Қазақстан облысы туралы).



23 қазан 2017

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл кітабы болып таңдалған демократ-ақын С.Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау бағытында ұйымдастырылған «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз» атты әдеби-сазды кеші өткізілді.



20 қазан 2017

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының басшылығымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшіруді ілгерілету және талқылау мақсатында «Латын әліпбиі – тәуелсіз елдің еркін таңдауы» атты дөңгелек үстел өтті.



11 қазан 2017

«Ел бірлігінің темірқазығы» атты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған тақырыптық кеш өтті. Іс-шараға Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектептің, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясының 7-10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында №36 мектептің оқушылары қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері туралы сахналық көрініс, ал №40 мектеп-гимназиясының оқушылары нақыл сөздерінен әдеби-монтаж ұсынды. Әсіресе, Қазыбек бидің анасын, оның бала кезін сомдаған оқушылар ерекше қошеметке ие болды.



4 қазан 2017

«Ұлттық намысы қымбат, Оңтүстік бағланы» атты әдеби-сазды кеш белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтің мерейлі 75 жасқа толуына арналды. Іс-шараға ақын С.Нұрманұлы, журналист Ә.Әліп, денсаулық сақтау саласының қызметкері Қ.Өнербаев қатысып, қаламгердің шығармашыдығынан әңгіме өрбітті. Жастарға оның тағылымы мол әңгіме, повестерінің мазмұндылығын, заманға сай тәрбиелік мәнін ерекше атап өтті.



28 қыркүйек 2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Дүние түріктерінің руханияты» қоғамдық қорының жоспары аясында «Текті елдің ұрпағымыз» жобасы бойынша «Шоқтығы биік ой маржаны» атты этнографиялық сайыс өтті. Жасөспірімдерге қазақ халқының шешендік өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, рухани ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына ұялату мақсатында өткізілген іс-шараға Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 лицей, Ұлықбек атындағы №3, Ақпан батыр атындағы №10, Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта мектеп оқушылары қатысты.



15 қыркүйек 2017

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, «Туған жер» бағдарламасын колдау мақсатында Қазақстандағы Отбасы күні мерекесіне бағытталған «Отбасы - ырыстың ұйтқысы» атты этнографиялық сайыс өтті. Сайысқа 6506 әскери-бөлімнің офицері, майор А.Азбергенованың жанұясы мен А.Усербаеваның жанұясы қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі, даналар мұрағаты мақал-мәтел, отбасы өнері, танымдық білімі бойынша жарысқа түсті.



4 қыркүйек 2017

Білім күніне орай «Кемел білімнің кәусар бұлағы-кітапхана» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Оқу залында, абонемент бөлімінде кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды. Көрмеге тарихи және танымдық әдебиеттер, көркем әдебиет, «Мәңгілік Ел», «Мектеп кітапханасы», «Даңқты адамдар», «Әлем балалар әдебиеті» «Отырар кітапханасы», «Балдырған», «Балалар энциклопедиясы» т.б. сериялары бойынша жаңадан келіп түскен әдеби кітаптар қойылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге шолу жасап, келушілерді кітапхананың бай қорымен, оның бөлімдерімен, қызмет көрсету аясымен таныстырды.


17 тамыз 2017

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, «Туған жер» бағдарламасын колдау мақсатында «Кітап – рухы қазақтың, туған өлкем ғажапсың» атты кітап акциясы өткізілді. Мақалада айтылған бағыттардың жүзеге асуына, қабылданған бағдарламалары жайында баяндама жасалды. Іс-шараны жазушы М.Әбдәкімұлы ашып, бұл акцияның ауқымдылығы, ұлағатты іс екеніне тоқталды.



9 тамыз 2017

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Мен.Таным. Кітап», «Ынтымағы жарасқан – туған өлкем» атты сазды-поэзия кеші орталық саябақта ашық аспан астында өтті. Әсем шарлармен безендірілген сахна төрінде оңтүстіктің зиялы қауым өкілдерінің поэзия, проза әлемі дәріптелді. Іс-шараға өлкеміздің топырағын иіскеп, шөбіне аунап өскен ерекше тұлғалар, ақын-жазушыларымыз қатысып, жастарға тағылымды әңгімелер өрбітті. Осы орайда, "Даналықты дәріптеген оңтүстіктің даралары" ауқымды кітап көрмесі көркемделіп, танымал қарымды қаламгерлердің кітаптары қойылып, шолу жасалды. Жас айтыскер ақын Н. Әнапия өркениетке өрістенген туған өлкемізді дәріптеп, жеткен жетістіктері, киелі жерлері, дана тұлғалары туралы ойларын арнау өлеңі арқылы жеткізді.



26 шілде 2017

Ғұлама ақын, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың туғанына 172 жыл толуына орай «Абайдың кереметі - "Қара сөздері" көркемсөз оқу жарысы ҚР ҚМ Шымкент әскери-техникалық мектеп тәрбиеленушілері арасында өткізілді. Сайыскерлер Абайдың қазынаға толы шығармаларына саяхаттап, керемет сезімге бөленді. Ақынның кез-келген өлеңі, дастаны, қара сөзінің әрбір әріпі, нүктесі мен сызықшасы келешек ұрпаққа қымбат, бағалы. Аталмыш көркемсөз жарысы үш кезеңді қамтыды.



24 шілде 2017

"Бабалар өсиеті - сана, тағылым, тәрбие" атты этнографиялық сайыс Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің сарбаздарымен өтті. Рухани-мәдени құндылықтарымызды қадірлеу, ата-бабаларымыздан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді жастарға ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс үш кезеңді қамтыды.



16 шілде 2017

Ұлтымыздың тіл жанашыры, қазақ елінің мақтанышы, ақын, драматург М. Шахановтың туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлттық рухты ұлықтаушы» атты әдеби-поэзиялық оқу сайысы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінде өтті. Сайыстың қазылар алқасы құрамында жас ақын ОҚО Арнайы кітапхана қызметкері Е. Бакиев пен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері І. Жүсіпбекова, А. Алиева төрелік етті. Қазылар алқасының шешімі бойынша І-орынды қатардағы жауынгер Д. Кішікбаев алса, ІІ-орынды қатардағы жауынгер И. Махамбет еншіледі, қатардағы жауынгер И.Федоров ІІІ-орынды иеленді. Кітапханашылар Р. Сейдалиева, Қ. Елекеева сарбаздарға әсем ән жолдап көрерменнің қошеметіне бөленді. Іс-шара жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.


26 маусым 2017

Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткі және жауапкершілік» тағылымды кеш Оқушылар сарайында өтті. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері нашақорлық және оның алдын алу мәселелері жайлы толық мағлұмат беріп өтті. Жасөспірімдер арасында нашақорлық жайлы әңгіме қозғалып, жастар салауатты өмір салтын қолдайтынын, мұндай зиянды әдеттерден аулақ болатындырын дөп басып айтты. Оқырмандарға «Есірткі жас өмірді улайды» - ақпараттық шолу, «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» - екі кейіпкердің әңгімесінен монолог ұсынылды.



15 маусым 2017

Биыл «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында жылдың таңдаулы кітабы болып аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығарламалары таңдалды. «Найзағайдай жалын атқан ақын» атты мәнерлеп оқу сайысы Шымкент қаласының білім бөлімінің «Оқушылар сарайы», «Балбөбек» сауықтыру лагерінің балалары арасында өтті.