14 қазан 2020

Жазушы, журналист Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабын көпшілікке насихаттау және талқылау мақсатында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кеш қонақтары ақын, К.Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері Н.Бегалыұлы, әдебиет сыншысы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Қ.Ергөбек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к, доцент А.Қалшабек, доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қ.Анарбаев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ түркология ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымының магистрі Р.Есбалаева, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры ф.ғ.к., А.Жаппарқұлова, Шымкент университетінің аға оқытушысы, филология магистрі Г.Белгібаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы, «Сырлы сөз» көркем сөз оқу үйірмесінің жетекшісі А.Қонысбаева т.б. қатысты.