5 қараша 2020

«Таулар алыстаған сайын биіктей береді...» абыз ұстаз Әмір Мұсақұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған портрет кеш өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұзақ жылдар ұстаздық еткен ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПИ-дың профессоры, «Құрмет» орденінің иегері Әмір Мұсақұловтың туралы жарық көрген «Абыз ұстаз» кітабы көпшілікке таныстырылды.

Ғибратты ғұмыры туралы тағылымды естеліктермен толықтырылған бейнеролик ұсынылды. Қызметтес болған қоғам қайраткерлері О.Аяшев, Ә.Дербісәлі, Б.Шуланбеков, Қ.Айтаханов т.б. азаматтық келбеті, әдеби мұрасы туралы жүрекжарды толғаныстары мен естеліктері берілді.