16 қараша 2020

16-22 қараша 2020 жыл. «Шымкент- ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы аясында «Әдеби автобус» акциясы, «Кітаппен бірге-Мәңгілік елге» суреттемелі кітап көрмесі және әдеби-поэзиялық оқу ұйымдастырылды.

Апта бойы «Әдеби автобус» «Shymkent bus» ЖШС-нің №108,133 қалаішілік жолаушылар көлігінде қала тұрғындарын рухани, тағылымды ақпараттармен сусындатты. «Тарихы терең Шымқала -2200 жыл», «Шымкент¬¬- ұлысымның ұйытқысы», «Әл –Фараби-1150 жыл», «Абай -175 жыл», «Шәмші – 90 жыл» тақырыбында өлең-жырлар оқылып, әндер шырқалды, викторина жүргізілді. Белсенді қатысып, дұрыс жауап берген жолаушыларға сыйлықтар тапсырылды.