28 сәуір 2021

«Парасат жолы» орталығында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында «Ұлтын сүйген жүрек үні» оқырмандар конференциясы онлайн форматта өткізілді. Шара барысында проза саласы бойынша таңдалған сөз зергерлері Т.Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі»,Т.Жармағамбетовтің «Отамалы», С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр», Д.Қуаттың «Бөрісоқпақ», Т.Сәукетайдың «Желқайық», Ю.Серебрянскийдің «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет» кітаптары таныстырылды. ZOOM бағдарламасы арқылы әдеби талқылауға т.ғ.к., доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев, филолог Жадыра Оразалиева, «Парасат» колледжі, тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ержан Алиев, М. Сапарбаев атындағы институттың, «Парасат» колледжі студенттері, кітапханашылар қатысты.