5 мамыр 2021

Ұлы Жеңіс күніне «Өткен күндер жаңғырығы 1941-1945 жылдар» еске алу кеші өткізілді. Соғыс және тыл ардагерлері бір минут үнсіздікпен еске алынды. Ұлы Отан соғысының себеп салдары, тарихи деректері туралы мағлұмат берілді, бейнефильм көрсетілді.

Оқырмандармен «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» - тарихи викторина жүргізілді. Кітапханашы Қ.Елекеева «Қазағым», «Сырлы сөз» үйірме мүшесі Д.Поштаев «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін шырқаса, «ТРЭНД» академиясының оқушысы Б.Байдулла ардагерлерге арналған өлең оқыды. Оқырмандар жасақталған кітап көрмемен таныстырылды.