16 ақпан 2022

Қазақтың талантты ақыны Төлеген Айбергеновтың туғанына 85 жыл. Кітапхана оқу залында «Экология, өлкетану және туризм орталығы» оқушыларының қатысуымен ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Сағынып тұрған жырлары жүректермен сырласқан» атты екі кезеңнен тұратын көркемсөз оқу байқауы өтті. 1-кезең Т.Айбергенов өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, 2-кезең ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.

Тартымды өткен байқау қорытындысында Г.Убайдулла, А.Бақытқызы, А.Алиасқар, жүлделі орын алып, белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.