25 ақпан 2022

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ақынның құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында А.Байтұрсынов ескерткіші алдында «Мен – Қазақпын!» атты әдеби іс-шарасы өтті.

Зиялы қауым өкілдері: қаламгер З.Қыстаубайұлы, С.Олжабай, Д.Айманбетов, т.ғ.к. доцент Қайрат Анарбай, ф.ғ.к. Р.Қажиакбарова және мәдениет қайраткері А.Оспанов ұлт ұстазы рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақ елінің рухани көсемі, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасы тарихы, мәдениеті мен әдебиеті төл тарихымызда алатын орны туралы әңгімелесе, іс-шараға қатысқан белсенді жастар «Мен-Қазақпын» өлеңіне, «Қырық мысал» шығармалар жинағына әдеби композиция дайындап, жыр шумақтарын жатқа оқыды.