16 наурыз 2022

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында кітапханада этнографиялық-танымдық сағат өтті. Мерекелік шараға политехникалық колледждің студенттері, Циолковский атындағы №84 ЖОББМ, Б. Момышұлы атындағы №44 мектептің оқушылары қатысты. Іс-шара «Сыған» биімен басталып, наурыз мерекесі тақырыбында әдеби-композициямен жалғасты. Оқырмандардың орындауында «Наурыз думан» әні шырқалып, «Бабалар сөзі» сахналық көрініске ұласты. Оқырмандарды қызықтыру мақсатында «әз-Наурыз»,«Дәстүрді білу парызың », «Ою-өрнек құраңыз» атты әдеби-викториналық ойындар ойнатылып, белсене қатысқан жастар сый-сияпаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.