23 наурыз 2022

«Наурыз – Шымқалада» жалғасуда. «ShymQala» этно ауылында 23 наурыз – Ұлыстың ұлы тойы – Жоралғы күні аталып өтілді. Жоралғы күні мейрамы аясында кітапхана қызметкерлері «Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер» театрымен бірлесе ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, «Құда күту» этнотанымдық мазмұнды көрінісін өткізді. Сахна төрінде өнер ордасы рухани қазына ордасымен құдалас болды. Құдалықтың көнеден жеткен жөн-жоралғылары- жаушы жіберу, бауыздау құда, төс қағыстыру, ұн жағу, табақ тарту, құйрық-бауыр асату сияқты кәделер мен жол-жоралғылар қамтылған көрініс құдалықтың мән-мағынасын аша түсті. Құда түсу салтында ұмыт болған көне ғұрыптарды қайта жаңғыртып, шара соңында дастархан басында ақсақал қарттарымыздың батасымен қорытындыланды.