27 қараша 2020

Өскелең ұрпақтың жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасым тірегіміз» атты кітап көрмесі көркемделіп, кітаптарға шолу жасалды.



16 қараша 2020

16-22 қараша 2020 жыл. «Шымкент- ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының жабылуы аясында «Әдеби автобус» акциясы, «Кітаппен бірге-Мәңгілік елге» суреттемелі кітап көрмесі және әдеби-поэзиялық оқу ұйымдастырылды.



5 қараша 2020

«Таулар алыстаған сайын биіктей береді...» абыз ұстаз Әмір Мұсақұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған портрет кеш өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұзақ жылдар ұстаздық еткен ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПИ-дың профессоры, «Құрмет» орденінің иегері Әмір Мұсақұловтың туралы жарық көрген «Абыз ұстаз» кітабы көпшілікке таныстырылды.



28 қазан 2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы екі ірі дата: ғұлама ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде атап өту туралы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «Кітап оқып, рухани бай болайық!» жобасы аясында «Кітап жолы – bookway» әдеби автобус акциясы ұйымдастырылды.



21 қазан 2020

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы С. Бегалиннің 125 жылдығына «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» атты виртуальды көрме және әдеби шолу өтті. Талантты аудармашы, жиырма шақты поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, зерттеулер, мақалалардың авторы туралы бейнеролик ұсынылды.


20 қазан 2020

20-23 қазан 2020 жыл. Орталық саябақта «Кітап оқып, рухани бай болайық! жобасы аясында жылжымалы кітап апталығы өтті. Көрмеге Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. қазақ классиктерінің кітаптары, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары, мерзімді басылымдар қойылды. Кітап сүйер қауым рухани орданың шырақшылары ұсынған, жүрегіне жақын кітаптарды жаздырып алып, ыстық ықыластарын білдірді. Кітапхана туралы, кітап оқудың рухани құндылығы туралы буклеттер таратылды.


14 қазан 2020

Жазушы, журналист Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабын көпшілікке насихаттау және талқылау мақсатында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.



9 қазан 2020

9-30 қазан 2020 жыл. Ғұлама ғалым, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты фараби оқулары ұйымдастырылды. Фарабидің өмірі мен шығармашылығы, рухани болмысы туралы мол мағлұмат берілді. «Қайырымды қала тұрғындары» , «Поэзия өнері», «Ақыл туралы кітап», «Ой-сана туралы кітап» еңбегінен үзінді оқылып, әдеби мұрасы кеңінен насихатталды.


1 қазан 2020

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» – дейді халық даналығы. Үлкендерге құрмет көрсету жас ұрпақтың басты мақсатының бірі.

Халықаралық қарттар күніне орай, ата - апаларымызды ізгілік пен құрметке негізделген атаулы мерекемен құттықтап, «Қартқа бізден құрмет бар» атты бейнеқұттықтау жіберілді. Ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер кітапханашылардың үйлеріне барып, сый сияпат көрсетілді.


30 қыркүйек 2020

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Қара сөздер» онлайн оқу эстафетасы жалғастырылды. Көрермендер оңды пікірлер қалдырып, рухани орданың шырақшыларына ыстық лебіздер білдірді.


28 қыркүйек 2020

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында «Жемқорлықты бірге жоямыз» онлайн ақпарат сағаты өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Айқын», «Егемен Қазақстан» газеттеріне берген сұхбаттары, қоғам қайраткерлерінің мерзімді басылым бетінде жарияланған мақалаларымен кеңінен таныстырылды.


23 қыркүйек 2020

«Жаңа мақалаларға саяхат» атты мерзімді басылымдарға шолу жасалды. «Мәдениет» республикалық мәдени-сараптамалық журналының тамыз айында шыққан маңызды мақалалармен таныстырып өтті. «Білім беру-балашақтан бастау керек», «Абай және Араб-Парсы әдебиеті туралы тағылымды кітап», «Тіл мен рух», «Мүмкіндігің шектеулі болса да рухың, арманың шектеулі болмасын» атты мақалаларға тереңінен тоқталды.


21 қыркүйек 2020

Ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Жырымен қазақ елін тербеткен...!» онлайн әдеби кеш өтті. Ірі эпик ақын, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Жасөспірімдер кітапханасының тұрақты оқырманы Ұтмахамбет Дильназдың орындауында Жұбан Молдағалиевтің «Мен Қазақпын» атты поэмасынан үзінді оқылды.
Көрермендер оңды пікір жазып, ақынның туындыларын оқуға ықылас танытты.


17 қыркүйек 2020

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан республикалық параолимпиада ойындарының жеңімпазы Ермек Қалымбетовтің «Даламдай кең пейілім, жүрегім толы мейірім» онлайн сұхбат өтті. Кітапхана қызметкері Таңшолпан Имантаеваның дайындаған сұрақтарына ұтымды жауап беріп, сырлы сұқбаттың әрін кіргізді. Өмірге, өнерге деген құштарлығы талай жетістіктерге жетелеген өнер иесінің арманына жету жолындағы құпиялары оқырмандардың қызығушылығын туғызды.


15 қыркүйек 2020

Қазақстан халқы тілдері күні аясында «Жаңғырумен үндескен – Әліпби» ақпараттық сағат өтті. Латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы баяндалып, қазіргі таңдағы атқарылған жұмыстарға мағлұмат берілді.


11 қыркүйек 2020

«Бір өлке - бір кітап» акциясы аясында жазушы Әбдіхам Шілтерхановтың 3 томдық шығармалар жинағы таныстырылды. «Әбдіһамның әдемі әлемі» атты әдеби шолу жасалды.


5 қыркүйек 2020

Қазақстан халқы тілдері күніне «Тіл – мемлекеттің түғырлы тірегі» ақпараттық сағат өтті. Әр ұлттың қастерлі құндылығы, қасиетті ана тілі туралы мағлұмат беріліп, өлеңдер оқылды. Мерейлі мерекемен Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының директоры Жұманова Нүрила құттықтап, ал белсенді оқырмандар Айша, Дилназ, Айзере поэзиялық оқумен сусындатты.


2 қыркүйек 2020

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын – сазгер Әкім Ысқақтың мерейлі 60 жасқа толуына арналған Поэзия апталығы өтті.



28 тамыз 2020

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл. Конституция күніне орай «Зайырлы мемлекет Конституциясы» - виртуалды көрме және бейнеқұттықтау жіберілді. Кітапханашылар 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның демократиялық, зайырлы – құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуының, дамуының айшықты символы екеніне ерекше тоқталды.


15 тамыз 2020

Биыл сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Қазақстанның түпкір-түпкірінде онлайн шаралар өтуде. Аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композиторға арналған «Танығың келсе Шәмшіні, әнінде жатыр бар сыры» кітап көрмесі көркемделіп, әндері шырқалды. Кітапханашылар бейнеролик дайындап, бүкіл ел мойындаған, жалпы халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген әндерді орындап, Шәмшінің ән әлеміне сапар шекті.