Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан…» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары ақын, аудармашы З.Ахмаджанұлы, Оңтүстік телеарнасының «Юртимиз Жамоли» телебағдарламасының журналисті Ш.Хамаридинов және Шымкент қалалық педагогикалық колледжі ұстазы Н.Марзабаева жетекшілігіндегі студенттері, Ж.Омарова атындағы №1 саз мектебінің ұстаздары Қ.Алғадайұлы, А.Төрехан, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының кітапханашылары Б.Жылқыбаева, Ж.Тоқбаева қатысып, өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, өнерлерін ортаға салды.
Кітапхана басшысы Р.Бабажанқызының құттықтау сөзімен ашылған кеште ақын З.Момынжанов кітапхананың алтын қорына ақын Ұлықбек Есдәулеттің өзбек тіліне аударылған «Қарағай» атты кітабын сыйға тартты. Ал Ж.Омарова атындағы №1 саз мектебінің ұстаздары Қ.Алғадайұлы мен А.Төрехан домбырамен ән орындап, күй шертті, сондай-ақ, кешке Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының жанынан құрылған хореогроф Ш.О.Ахмедованың жетекшілігімен «Гүл-қыздар» квартетінің орындауында «Әри-ай дай» халық әні мен «Нұр-ай» би тобының қойылымындағы қазақша, өзбекше, орыс билері көрермендерді тәнті етті.
Шымкент саз колледжінің студенттері Қ.Темірбек пен Е.Молдағали орындаған «Отан», «Туған ел» әндері көрерменнің көзайымына айналып, кешке қатысқан барлық ұстаздар мен өнерлі оқушылар марапатталды.