
ҚҰРМЕТТІ КЕЛУШІЛЕР,
БІЗ СІЗДЕРДІ БІЗДІҢ КІТАПХАНАМЫЗДА КҮТЕМІЗ!
Назарларыңызға кітапхананы пайдалану ережесін ұсынамыз. Онда кітапхананың жұмыс тәртібі, оқырмандардың міндеттері мен құқықтары белгіленген.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету мәселесі бойынша арнайы мәдени, білім, зерттеу, ақпараттық және әдіскерлік орталық болып табылады.
1.2. Кітапхана қорды құрайтын кітаптарды, мерзімдік басылымдарды, кинофотоқұжаттарды және басқа материалдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырады.
1.3. Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады.
2. ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Мекен-жайына, оқу немесе жұмыс орнына қарамай 15-21 жас аралығындағы қыздар мен балалар, сондай-ақ, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жастармен жұмыс істейтін азаматтар жасөспірімдер кітапханасының қызметін пайдалана алады.
2.2. Оқырмандар:
• қордан басылымдарды және басқа материалдарды уақытша үйге алуға немесе оқу залында пайдалануға;
• анықтама-библиографиялық, ақпараттық қызметтің түрлерін, тағы басқа кітапханада көрсетілетін ақылы, ақысыз қызметтің түрлерін пайдалануға;
• оқырмандарға арналған көпшілік іс-шаралардың барлығына, қызығушылық клубтарына және басқа оқырмандар бірлестіктеріне қатысуға құқылы.
2.3. Шымкент қаласында уақытша болатын қыздар мен жігіттер, (демалыста, оқу орнына түсу үшін, жүмысқа орналасу үшін т.б.) кітапхана қорымен оқу залыңда пайдалануға құқылы.
2.4. Кітапханаға жазылу үшін азаматтар жеке куәлік (немесе оның орнына жүретін құжатпен мекен-жайынан анықтама) көрсетуі тиіс. Мекен-жайы немесе фамилиясы өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы керек. 16 жасқа дейінгі балалар кітапханаға ата-анасы немесе оқу орны берген қолхат негізінде жазылады.
2.5. Кітапханаға жазылған оқырман кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оны орындауға міндеттенетінін оқырман формулярына қол қоюмен бекітеді.
2.6. Оқырман басылымдарды немесе басқа да материалдарды 30 күндік мерзімге үйге ала алады. Жаңа журналдарды және сұранысқа ие басқа басылымдарды пайдалану мерзімін кітапхана белгілейді. Анықтамалық басылымдардың жалғыз данасы, сирек және бағалы басылымдар үйге берілмейді.
Оқырман:
• жыл сайын кітапханада қайта тіркеуден өтуге;
• кітапты мұқият ұстауға, кітапты аларда оның бүтіндігін тексеріп ақауы болса кітапханашыға хабарлауға;
• беттерді бүктемеуге, жыртпауға, кітап бетіне жазбауға, егер оқырман формулярына жазылмаса, кітапханадан алып шықпауға;
• белгіленген уақытта қайтаруға;
• ашық сөрелер мен кітап көрмелеріне қойылған баспа шығармаларын және басқа материалдардың орнын ауыстырмауға міндетті.
2.7. Кітапхана қорына зиян келтірушілер Қазақстан Республика заңдарына сәйкес материалдық, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
2.8. Кітапхана қорынан баспа шығармалары немесе басқа да материалдарды жоғалтқан (қайтармаған) не зиян келтірген жандар, оларды сондай материалдармен немесе кітапханашы құны тең деп тапқан, сол сияқты жоғалған басылымның көшірмесімен алмастыруға, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда он есе көлемде орнын толтыруға міндетті. Ондай жағдайда жоғалған (қайтарылмаған) және бүлінген баспа шығармалары не басқа да материалдар кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген бағамен, яғни басылымның қайта бағалануы мен нарықтық құнын есепке ала отырып анықталады. Баспа шығармаларын не басқа кітапханалық материалдарды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін кәмелетке толмаған оқырмандар үшін ата-аналары (қамқоршылары), сондай-ақ есепте тұрған оқу, тәрбие, емдеу мекемелері жауап береді.
2.9. Кітапхананы пайдалану тәртібін бұзған оқырмандар оны пайдалану құқынан 6 айдан 1 жыл мерзімге дейін айрылады. Жеке оқырмандардың тәртіпті бұзғаны жөнінде материалдар оқу орны мен жұмысында, сондай-ақ сотта қаралуға жіберіледі.
3. КІТАПХАНАНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА КЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ ҚҰКЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Кітапхана міндеті:
Кітапхананың көрсететін қызмет түрлері мен оның ресурстары туралы халықты хабарландырып отыруға.
Оқырмандар сұранымын зерттеп және мүмкіндігіне қарай толығымен қанағаттандырьш отыруға.
Каталогтар мен картотекалар жүйесі арқылы кеңінен мазмұнын аша отырып, кітаптар, мерзімді басылымдар мен басқа да материалдар туралы түрлі тақырыпта анықтамалар орындай отырып оқырмандардың жалпы кітапханалық қормен пайдалануын қамтамасыз етуге.
Оқырмандарды кітапхананы пайдалану ережесімен таныстыра отырып қажет басылымды не басқа материалды іздестіру мен алуда кеңес бере отырып көмек көрсету, олардың қолдануында анықтама — библиографиялық аппаратпен пайдалануды ұсына отырып және ақпарат пен насихат шараларын өткізе отырып жоғары мәдениетті қызметпен қамтамасыз ету; оқырмандық тапсырысты белгіленген уақытта орындап (30 минуттан артық емес) қабылданбаған тапсырыстарды ескерту мен қысқарту шараларын қолдануға.
Кітапханалық қорды сақтау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; үйге берілген басылымның кітапханаға уақытылы қайтарылуын жүйелі түрде бақылау; оқырманға қордан берілген және одан қабылдап алынған басылымдарды қарап шығу, кемістік байқалған жағдайда белгілі шара қабылдауға.
Кітапхана басылымын пайдаланудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін (1 ай) 5 күн мерзімде қайтару қажеттілігін оқырманның есіне салу немесе телефоннан хабар беру. Егер басылым не басқа да материалдар осы уақыт ішінде қайтарылмаса, оқырмандарға басылымды қайтару немесе, 1 ай ішінде мазмұны мен құны сәйкес басылыммен алмастыру туралы талаппен хат жіберіледі. Сондай-ақ, ондай талап орындалмаған жағдайда оқырманнан заңды түрде сол басылымдардың нақты (нарықтық) құны он есе өндірілетінін ескертеді.
Жұмыс тәртібі:
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы Сіздер үшін күнделікті сағат 1000-ден 1900-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.
Демалыс күні: жексенбі.
Айдың соңғы жұмыс күні: тазалық күні.
Біздің мекен-жайымыз:
Шымкент қ.
Т. Орынбаева көш. 21 «А»
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы
Тел./Факс: 8 (7252) 53-98-88
Тел.: 8 (7252) 53-47-11
|