Данная версия сайта больше не поддерживается. Предлагаем вам перейти на новую версию сайта.
![]() 14 тамыз 2019 «Мен армандай аламын» атты жасөспірімдерге арналған психологиялық тренинг өтті. Майра Жадикова тренингте «Дұрыс армандау мен мақсат қоя білу», «Жалқаулықтан арылу» тайм менеджмент, «Сырымды кімге айтамын?», «Мен өзгеремін. Қалай өзгеремін? Өзіме сенімсізбін» атты тақырыптарда сабақтар, ойындар және де «Өзін өзі бағалау» тесттерін өткізді. Жасөспірімдерді қызықтыра отырып, лотерея ойнатылып және де қызықты - пайдалы фильмдер көрсетілді. Кітапхана қорымен, көркемделген кітап көрмесімен таныстырылды. ![]() 28 шілде 2019 Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен кемеңгер үш бидің орны ерекше. ![]() 5 шілде 2019 Еліміздің Бас қаласы, Қазақ елінің астанасы - Нұр - Сұлтан қаласының туған күніне орай «Паң Астана, Патша Астана, Өр болған» атты сазды-поэзия кеші өтті. Іс-шараға №6506 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, еліміздің астанасының шығу тарихы, өсу - өркендеу кезеңдері жайлы толық мағлұматпен қанықты. ![]() 5 шілде 2019 Домбыра күніне орай «Даламның жыры, бабамның үні домбыра» атты сазды кеш өтті. ![]() 19 маусым 2019 19 маусым – Қала күні. Шымкент қаласы Үшінші мегаполис атанғалы 1 жыл өтті. Осы орайда, «Ақылды қала-Шымқала» атты мерекелік кеш өткізді. «Жас өркен» шығармашыл жастар клубының белсенді жастары Шымкент қаласының тарихына тоқталып, өлең-жыр, әсем ән, күмбірлеген күйден шашу шашты. ![]() 12 маусым 2019 «Үлгілі үйдің ырысы мол» – рухани-өнегелік сағат №10 Ақпан батыр атындағы ЖОМ мектепішілік лагерь оқущыларымен өтті. Балаларға отбасылық қағидалар, сыйластық, имандылық, мейірімділік туралы баяндалды. Балаларға арналған ғажайып оқиғаларға толы кітаптарға шолу жүргізілді. Балалар 5 тоқа бөлініп, ертегі, шытырман оқиға кейіпкерлерін қағаз бетіне түсіріп, түрлі тақырыптағы жұмбақтар жарысы орын алды. Белсенді жас оқырмандарға сыйлықтар тапсырылды. Таңғажайып кітаптарға шолу жүргізілді. ![]() 3 маусым 2019 Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Мен табиғатты қорғаймын» атты танымдық кеші Шымкент қалалық экологиялық орталықпен бірлесіп өткізілді. Дендросаябақта өткен мерекелік кешіне Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, қала тұрғындарын құттықтады. Қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға, сақтап қалуға күш салу басты бағытымыз екені айтылды. ![]() 27 мамыр 2019 (27-31 мамыр) Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар жаңғырығы» тақырыбында суреттемелі кітап көрмесі көркемделді. Өткен күндер тарихы туралы кітаптар, фотоальбомдар және естелік мақалалар қойылып, шолу жүргізілді. ОҚМУ, «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің жастарына «Рухани жаңғыру» сериясымен жарық көрген жазушы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлының «Зобалаң» кітабы таныстырылды. Аталмыш тақырыпта бейнеролик түсіріліп, фейсбук парақшасына жіберілді. ![]() 23 мамыр 2019 «2019 жыл – Жастар жылы», «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында Жыл кітабы болып таңдалған, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Біржан Байтуовтың «Бізден де өтер жиырма бес...» кітабы бойынша «Иманды – жанға желкен еткенде...» атты әдеби-сазды кеші өтті. Іс-шараға «Жеңіл өнеркәсіп және сервис», «Парасат», «Мирас», Шымкент Политехникалық колледжінің студенттері қатысып, ақынның шығармашылығы туралы ой өрбітті, әдеби композиция ұсынды. ![]() 8 мамыр 2019 «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты 6698 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен сарбаздары арасында мерекелік кеш өтті. Кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, сарбаздар патриоттық тақырыпта мәнерлеп өлең оқып, викторина сұрақтарына жауап берді. Әскери қызметте жүрген арулар "Қазақ қызы", "Сарбаздар", «Жеңіс күні» атты әндерді хормен орындап көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. ![]() 3 мамыр 2019 Қоғам қайраткері, жазушы Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Биік таудың бір шыңындай» атты кеш 6698 әскери бөлімінің сарбаздары арасында өтті. Сарбаздар жазушының шығармашылығына терең бойлап, ақынның кітаптары мен отбасылық естеліктерінен жинақталған көрмемен таныстырылды, библиографиялық шолу жасалды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетіліп, сарбаздар мол мағлұмат алды. ![]() 30 сәуір 2019 Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ынтымақ, бірлік, келісім – басты байлық ел үшін» атты патриоттық кеш «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК өтті. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалғандығы жайында баяндама оқылып, паториоттық әндер шырқалды. ![]() 23 сәуір 2019 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап–құдірет. Кітап–күш. Кітап – рухани өсиет» тақырыбында кітап апталығы кең көлемде №8 Арнаулы қызметтер көрсету орталығында, кітапхананың оқу залында, 6506 әскери бөлімде, кітапханада өткізілді. ![]() 21 сәуір 2019 «Кітап және жастар» – әдеби-интеллектуалды ойын 6506 әскери бөлім сарбаздарымен өтті. Сарбаздар «Зерделі», «Ұшқыр» – 2 топқа бөлініп, кітап туралы білімдерін ортаға салды. Қазақстан жазушыларының проза, поэзия жанрында жазылған кітаптары, өңіріміздің танымал қаламгерлері, кітап туралы әдеби-викторинада белсенділік танытты. Сұрақтарға тұшымды, дұрыс жауап берген жастарға Алғыс хаттар берілді. ![]() 17 сәуір 2019 Жазушы Қарауылбек Қазиевтің 80 жылдығына орай «Жүрегі тұнған нұр еді» дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Оқырмандар отауы» әдеби бірлестігінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар қатысты. Кеш Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтің көрсетілімімен басталып, Мархабат Байғұт, Сатыбалды Қосалиев, Захардин Қыстаубаев, Шойбек Орынбай, Сабырбек Нұрманұлы, Серік Жанәбіл, Сабырбек Олжабай сынды қаламгер ағаларымыздың естеліктеріне ұласты. Кітапхананың белсенді жастары "Бір өлке – бір кітап" акциясына енген жазушының «Иманжапырақ» кітабын өзара талқылап, пікір алмасты. ![]() 6 наурыз 2019 Елбасы Н.Назарбаевтың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналардың құрметіне, көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ұлы Дала. Ұлағатты Ана. Үлгілі Ұрпақ.» атты сырласу кеші өтті. Мерекелік кешіне ардақты аналар, танымал жазушы Мархабат Байғұттың жан-жары Қыздаркүл Пернебайқызы, Қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы Әжелер алқасының төрайымы Құрманбекова Шарапат, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Баян Тленшина қатысты. Аналарымыз отбасындағы ата- ана беделі, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі, ұлттық құндылықтар, ұлт тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері туралы әңгіме өрбітті. ![]() 27 ақпан 2019 «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Жыл кітабы болып тандалған Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай "Сыр сүлейі, жыр дүлейі" атты поэзия оқу байқауы №28 ЖОМ, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары арасында өтті. Кеште мектеп оқушылары Әбділда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен танысып, лирикалық шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы автордың қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері деп таныды. Ерекше көзге түсіп, қазақ әдебиетіне деген айрықша қызығушылық танытқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды. І орынды Еркінбек Адел иеленді. Ал, ІІ орын Анар Алауға бұйырса, қос ІІІ орындар Байзақов Бақдәулет пен Сейіткәрім Еңлікке берілді. ![]() 22 ақпан 2019 Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Дала ойшылының даналық әлемі» атты Фараби оқулары өтті. ![]() 20 ақпан 2019 Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы-драматург Захардин Қыстаубайұлының «Жүректің сөзі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. ![]() 30 қаңтар 2019 «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануына орай «Кітап және жастар» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Кітапханашылар «Сайрам» медициналық колледжінің студенттерін кітап қорындағы тарихи, саяси-қоғамдық, көркем, медицина, кәсіби-техникалық бағыттағы әдебиеттермен таныстырып, оларды қызықтыратын мағлұматтармен сусындатты. ![]() |
|
![]() |