17 сәуір 2019

Жазушы Қарауылбек Қазиевтің 80 жылдығына орай «Жүрегі тұнған нұр еді» дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Оқырмандар отауы» әдеби бірлестігінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар қатысты. Кеш Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтің көрсетілімімен басталып, Мархабат Байғұт, Сатыбалды Қосалиев, Захардин Қыстаубаев, Шойбек Орынбай, Сабырбек Нұрманұлы, Серік Жанәбіл, Сабырбек Олжабай сынды қаламгер ағаларымыздың естеліктеріне ұласты. Кітапхананың белсенді жастары "Бір өлке – бір кітап" акциясына енген жазушының «Иманжапырақ» кітабын өзара талқылап, пікір алмасты.

Қазақстан Жазушылар Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Шойбек Орынбай кешті қорытындылап оқырмандар мен қонақтарға үлкен алғысын айтты.