Адамзаттың Айтматовы…

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Тарихи таным тармақтарының тарланбозы» әдеби шығармашылық талқылау кеші өтті. Іс-шара қонақтары Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нышанәлі Ниязбек, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ қаламгердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, әдеби тың деректермен бөлісті. Іс-шараның модераторы ақын, ҚР педагогикалық академиясының профессоры, «Еңбек даңқы» орденінің иегері Мұхтарова Марғұба сөз бастап, кешті әдемі тізгіндеп алып шықты.

Экран арқылы Қырғызстан Жазушылар одағының мүшесі Бообекова Манат Жумадыловна мен білім саласының ардагері, «Еңбек сіңірген ұстаз» орденінің иегері, «Шайыр апалар» шығармашылық ұжымының мүшесі Жунушова Турум Усенбаевна арнау өлеңдерін онлайн оқып, «Жас қаламгер» клубының шәкірттері «Ғасыр адамы» әдеби-композиция ұсынды.

Кештің шырайын келтіріп танымал әншілер Роза Есенгельдиева және Айзада Бекенқызы көпшілікті тамсандыра әсем ән шырқады.

«Артқа