Кітапханада « Әжемнің ертегісі » жобасы аясында «Мен қай ертегіденмін?» іс-шарасы өтті.

«Мұрат» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері Клара әженің «Дәрігер ара» ертегісін қызыға тыңдап, ертегінің мазмұнын талдап сұрақтарға жарыса жауап берді. «Мен қай ертегіденмін?» ертегі кейіпкерлерінің суреттері бойынша викториналық ойын ойнатылды. Соңынан «Қу қой» анимациялық фильмін тамашалады.
Кітапхана дәстүрі бойынша балаларға боямақ кітапшасы мен тәттілер тарқатылды.