Пайдаланушыға

  1. керек. 16 жасқа дейінгі балалар кітапханаға ата-анасы немесе оқу орны берген қолхат негізінде жазылады.
  1. Кітапханаға жазылған оқырман кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оны орындауға міндеттенетінін оқырман формулярына қол қоюмен бекітеді.
  2. Оқырман басылымдарды немесе басқа да материалдарды 15 күндік мерзімге үйге ала алады. Жаңа журналдарды және сұранысқа ие басқа басылымдарды пайдалану мерзімін кітапхана белгілейді. Анықтамалық басылымдардың жалғыз данасы, сирек және бағалы басылымдар үйге берілмейді.

Оқырман:


  • жыл сайын кітапханада қайта тіркеуден өтуге;
  • кітапты мұқият ұстауға, кітапты аларда оның бүтіндігін тексеріп ақауы болса кітапханашыға хабарлауға;
  • беттерді бүктемеуге, жыртпауға, кітап бетіне жазбауға, егер оқырман формулярына жазылмаса, кітапханадан алып шықпауға;
  • белгіленген уақытта қайтаруға;
  • ашық сөрелер мен кітап көрмелеріне қойылған баспа шығармаларын және басқа материалдардың орнын ауыстырмауға міндетті.


  1. Кітапхана қорына зиян келтірушілер Қазақстан Республика заңдарына сәйкес материалдық, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
  2. Кітапхана қорынан баспа шығармалары немесе басқа да материалдарды жоғалтқан (қайтармаған) не зиян келтірген жандар, оларды сондай материалдармен немесе кітапханашы құны тең деп тапқан, сол сияқты жоғалған басылымның көшірмесімен алмастыруға міндетті. Ондай жағдайда жоғалған (қайтарылмаған) және бүлінген баспа шығармалары не басқа да материалдар кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген бағамен, яғни басылымның қайта бағалануы мен нарықтық құнын есепке ала отырып анықталады. Баспа шығармаларын не басқа кітапханалық материалдарды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін кәмелетке толмаған оқырмандар үшін ата-аналары (қамқоршылары), сондай-ақ есепте тұрған оқу, тәрбие, емдеу мекемелері жауап береді.
  3. Кітапхананы пайдалану тәртібін бұзған оқырмандар оны пайдалану құқынан 6 айдан 1 жыл мерзімге дейін айрылады. Жеке оқырмандардың тәртіпті бұзғаны жөнінде материалдар оқу орны мен