Ресурстар

  1. каталог пен картотека біріңғай ақпараттық-іздеу жүйесін құрайды. Оқырмандардың сұранысы және КБЖ кестесінде болатын өзгерістерге сай жаңаланып отырады және толықтырылады. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады, жүргізіледі, өңделеді.
  1. Жүйелік каталог (ЖК). Міндетті. Оқырмандық және қызметтік функцияларды орындайды. Кітапханада бар, соңғы келіп түскен басылымдардағы материалдардың атауларының библиографиялық жазбаларын қамтиды. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады, жүргізіледі және өңделеді.
  2. Жүйелік өлкетану каталогы. Міндетті. Оқырмандық және қызметтік функцияларды атқарады. Кітапханада бар, соңғы келіп түскен басылымдардағы материалдардың атауларының библиографиялық жазбаларын қамтиды. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады, жүргізіледі және өңделеді.
  3. Аудиовизуалды материалдардың жүйелік каталогы. Өзіне видео – және аудио жазба материалдарын қамтиды. Оқырмандық және қызметтік функцияларды атқарады. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі арқылы орыс тілінде жүргізіледі. Каталогтар мен картотекалар залында орналасқан.
  4. Ноталық басылымдардың жүйелік каталогы. Өзіне ноталық басылымдарды енгізеді: репертуарлық жинақтар, композиторлардың шығармалары, өлең жинақтары және т.б.
  5. Электрондық каталог – бұл машина оқу формасындағы, накты уақыт ырғағында жұмыс істейтін және оқырмандардың кеңінен пайдалануына берілген кітапханалық каталог.
  6. Мақалалардың жүйелік картотекасы (МЖК). Мәліметтер қоры. Міндетті. Оқырмандық және қызметтік функцияларды атқарады. Газет және журнал мақалаларының библиографиялық жазбаларын қамтиды. Мақалалардың хронологиялық ауқымы ОЖК-де мерзімді басылымдарды сақтау мерзімі арқылы анықталады. Әдістеме-библиографиялық бөлім арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады, жүргізіледі және өңделеді.
  7. Өлкетану картотекасы (ӨК) — өлкетанулық сипаттағы құжаттарды көрсетеді.
  8. Тақырыптық картотека – тақырыптық сипаттағы құжаттарды көрсетеді.
  9. Әдістемелік материалдардың жүйелік картотекасы. Міндетті.