Негізгі кітап қорын сақтау бөлімі кітапхана қорын сақтау тәртібін негізге ала отырып, қорды тиімді ұйымдастыру және сақталуын қамтамасыз етеді. Қор мазмұнын толық ашылуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастырады.
Бөлім қызметі:
- құжаттарды сақтау, маңызды әдебиеттермен қорды сапалы түрде жаңартып, толықтырып отыру;
- құжаттарды пайдаланушының сұранысы бойынша оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері арқылы беруді жүзеге асыру;
- жаңа түсімдерді қабылдау және бөлімдердің қосалқы қорларына тарату;
- кітапхана қорының сақталымын қамтамасыз ету мақсатында кітап қорын тексеру жұмыстарын жүргізу;
- қалыптасу мен пайдалану барысының барлық сатысында тұрақтылықты сақтау, құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- ескірген, тозығы жеткен және оқырмандар жоғалтқан басылымдарды қордың есебінен шығару;
- кітаптарды жарамсыз болып, бүлінуінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізу.