Ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі пайдаланушыларға ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсетеді, әртүрлі тақырып бойынша библиографиялық құралдарды дайындайды, мәліметтер базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім қызметі:
- кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын жүргізу, жаңа мәліметтермен толықтыру;
- пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын сапалы түрде жедел қанағаттандыру, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- оқырмандарға анықтама-библиографиялық дереккөздерін ұсыну;
- ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау;
- толық мәтінді ДБ қалыптастыру;
- дәстүрлі карточкалы картотекаларды қалыптастыру және жүргізу;
- түрлі мазмұндағы библиографиялық құралдарды, библиографиялық көрсеткіштерді, библиографиялық жаднамаларды құрастыру және шығару;
- библиографиялық баспа өнімдерін пайдалану мен библиографиялық ізденістер әдістері туралы пайдаланушыларға кеңес беру.