Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы – әмбебап профильді кітапхана. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айында облыстық Мәдениет басқармасы бұйрығының және Мәдениет Министрлігінің 23.12.1977 жылғы хатының негізінде ұйымдастырылған. Жастардың талаптары мен тілектерін ескеріп, кітапхананы ашу оларды кітапқа жақындатуға, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге септігін тигізді. Кітапхананың негізгі міндеті жас оқырмандардың әр түрлі талаптарын қанағаттандыратын кітап қорын жинақтау болып табылады. Өзінің даму тарихында кітапхана түрлі өзгерістердің куәсі болды. Бастапқы кезде кітапхана өлкетану мұражайының бір шағын бөлмесін алып тұрған.
1979 жылы кітапханаға Пушкин атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ғимаратынан бір бөлме берілді.
1980 жылы №3970 ордер бойынша Крегер көшесіндегі бес қабатты №17 тұрғын үйден жай бөлінді. Кітапханаға бірінші және екінші подъезден 3 бөлмелі екі пәтер және 2 бөлмелі екі пәтер берілді.
1981 жылы СОКП-ның ХХV съезі ашылған күні жасөспірімдер кітапханасының салтанатты ашылуы өтті. 19 жыл бойы кітапхана осы мекен-жайда өз қызметін жалғастырды. Осы уақытта кітапхана қала және облыс жастары үшін мәдени, білім, бос уақытты тиімді өткізу орталығына айналып, кеңінен танылды.
1997 жылы маусым айынан бастап кітапхананың ғимарат мәселесі шиеленісе түсті. Жұмысы тоқтап тұрған «Октябрь» кинотеатрының ғимаратын жасөспірімдер кітапханасына беруге шешім қабылданды. Жасөспірімдер кітапханасы «Октябрь» кинотеатрының қолайсыз ғимаратына көшірілді. Кинотеатр ғимаратын кітапхана қызметіне сай енді ыңғайландырған кезде, бір айдан соң «Октябрь» кинотеатрының 679,6 мың теңге несиелік қарызын өтей алмайтындықтан, облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен кітапхана басқарманың әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатына көшірілді.
1997 жылы тамыз айында жасөспірімдер кітапханасы Тәуке хан даңғылы, 97 үйде орналасады. Бірақ, мұнымен кітапхананың көшіп-қону машақаты бітпейді. Кенеттен облыстық мәдениет басқармасы мен жасөспірімдер кітапханасының ғимараты Оңтүстік Қазақстан облысының Даму Қорына беріледі.
1998 жылы 8 мамырда облыс әкімі Х.Абдуллаев мырза кітапханада болып ғимарат мәселесін шешуге уәде береді.
1998 жылы 8-ші шілдеде кітапханаға Гоголь көшесі, 21«А» үйінде орналасқан бұрынғы балалар бақшасының ғимараты берілді. Қалалық денсаулық сақтау, білім және мәдениет департаментінің бірінші