Жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімі – кітапхананың қызмет көрсететін негізгі бөлімдерінің бірі. Басты ұстанымы әртүрлі оқырман топтарына сапалы әрі жедел кітапханалық қызмет көрсету. Кітап қоры мазмұны жағынан әмбебап болып табылады. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми және көркем әдебиеттер, анықтамалық сөздіктер бар.
Оқырмандардың кітап оқуына, кітаппен өздігінен жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған. Пайдалы ақпарат, қажетті кеңестермен бөлісуге әрдайым дайын қонақтармен кездесу мақсатында құрылған «Жақсымен өткен жарты сағат» клубы жұмыс жасайды.
Бөлім қызметі:
- атаулы күндер мен мерейгерлерге арналған әдеби, тарихи кештер, жаңа кітаптардың тұсау кесу рәсімдері, сайыстар мен түрлі тақырып төңірегіндегі ашық алаңдар, белгілі адамдармен кездесулер өткізу;
- пайдаланушыларға тиімді және шұғыл, оңтайлы қызмет көрсету, ақпарат көздерін іздеуге және таңдауға кеңес беру;
- оқу залының кітап қорын пайдаланушының қажеттілігіне сәйкес қалыптастыру;
- пайдаланушыларға ақпарат құралдарын, әдебиеттерді пайдалану бойынша тұрақты кеңестер беріліп, әңгімелер жүргізу;
- күнделікті өмірде болып жатқан елеулі оқиғаларды көпшілік іс-шаралар және кітап көрмелерін ұйымдастыру арқылы насихаттау.