Кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, техникалық инфрақұрылымды арттыруға және қолдауға бағытталған. Электронды ресурстарды, оның ішінде Деректер базасын, электрондық каталогты, web-порталды тиімді басқару, неғұрлым жетілдірілген компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бөлім қызметі:
- кітапхананың техникалық және бағдарламалық құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
- кітапхананың өзіндік электрондық қорларының сақталуын қамтамасыз етеді;
- электрондық құралдар, бейнероликтер жасау кезінде техникалық қолдауды жүзеге асырады;
- компьютерлерді, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану бойынша кітапхана бөлімдерінің қызметкерлеріне көмек көрсету;
- кітапхана сайттарын жаңа мәліметтермен толықтыру, Facebook, Instagram, ТікTок әлеуметтік желілерінде кітапхананың ақпараттық хабарламаларын орналастыру, өткізілген мәдени-көпшілік іс-шаралар туралы ақпарат беру, әдеби байқаулар, акциялар т.б. жариялау;
- WEB-РАБИС автоматтандырылған кітапханалық жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық және бейне жабдықтарды орнату, іс-шараларды, кітап көрмелерін графикалық безендіру.