Біз туралы

Бүгінгі таңда ШҚЖК ұжымында жоғары кәсіби мамандар. Мұнда 26 маман қызмет атқарады, оның 22-сі жоғары кітапханалық біліммен.

Кәсіби шеберлігі және еңбектегі жетістіктері үшін ұжым мен оның бірқатар қызметкерлері бірнеше рет үкіметтің марапаттарына ие болды.

  • 1978 жылдан кітапхананың құрылғанынан бастап К.С. Нұралиева басшылық етті.
  • 2006 жылы ұжым кітапхана басшысы К.С. Нұралиеваны салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды.
  • 2006 жылғы 3 сәуірден бастап кітапхананы ұзақ жылдар ОҚО мәдениет басқармасында қызмет атқарған Сәуле Әбілқайырқызы Рүстемова басқарды.
  • 2016 жылғы 26 қазаннан бастап кітапханаға Зәкира Сембекқызы Парымбекова басшылық етті.
  • 2021 жылдың қараша айынан бастап Бабажанова Раушан Бабажанқызы басшылық етуде.