Пайдаланушыға

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ


  1. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету мәселесі бойынша арнайы мәдени, білім, зерттеу, ақпараттық және әдіскерлік орталық болып табылады.
  2. Кітапхана қорды құрайтын кітаптарды, мерзімдік басылымдарды, кинофотоқұжаттарды және басқа материалдарды қоғамдық пайдалануды ұйымдастырады.
  3. Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады.




ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


  1. Мекен-жайына, оқу немесе жұмыс орнына қарамай 15-21 жас аралығындағы қыздар мен балалар, сондай-ақ, мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жастармен жұмыс істейтін азаматтар жасөспірімдер кітапханасының қызметін пайдалана алады.
  2. Оқырмандар:


  • қордан басылымдарды және басқа материалдарды уақытша үйге алуға немесе оқу залында пайдалануға;
  • анықтама-библиографиялық, ақпараттық қызметтің түрлерін, тағы басқа кітапханада көрсетілетін ақылы, ақысыз қызметтің түрлерін пайдалануға;
  • оқырмандарға арналған көпшілік іс-шаралардың барлығына, қызығушылық клубтарына және басқа оқырмандар бірлестіктеріне қатысуға құқылы.


  1. Шымкент қаласында уақытша болатын қыздар мен жігіттер, (демалыста, оқу орнына түсу үшін, жүмысқа орналасу үшін т.б.) кітапхана қорымен оқу залыңда пайдалануға құқылы.
  2. Кітапханаға жазылу үшін азаматтар жеке куәлік (немесе оның орнына жүретін құжатпен мекен-жайынан анықтама) көрсетуі тиіс. Мекен-жайы немесе фамилиясы өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы