27 қараша 2020

Өскелең ұрпақтың жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасым тірегіміз» атты кітап көрмесі көркемделіп, кітаптарға шолу жасалды.

«Тарих. Тұлға. Елбасы» тақырыбында тарихи-танымдық кеш өтті. Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен бастау алды.

Іс-шара жүргізушілері Нұрсұлтан мен Таңшолпан ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолдары, Қазақстанның өркендеу жолында атқарған ерен еңбектері туралы тың мәліметтерден ақпарат берілді. Кітапханашы Құндызай Отанға, Елбасына деген құрметін «Қазағымсың» патриоттық ән орындау арқылы жеткізді.