![]() |
![]() |
![]() |
9 Мамыр — Ұлы Жеңіс күні қарсаңында кітапханада қазақтың ержүрек батыр ұлдары, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Қан майданда от кешкендер» тақырыбында ерлік кеші өтті.
Оқырмандар 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанған Сағадат Қожахметұлы жайында «Қазаққа қымбат есім», «Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошарбаев жайлы не білеміз?» бейнеролигі арқылы қос батырдың ерлік жолы туралы толық ақпарат алды.
Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп– гимназиясының белсенді оқушылары отансүйгіштік, елжандылық, ерлік туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер, күйлер орындады.
Кеш соңында Ұлы Жеңіске жеткізген қазақ батырларының қан майданда жасаған ерлігі мен батылдығы туралы кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстырылды.