Ресурстар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КАТАЛОГТАР МЕН КАРТОТЕКАЛАР ТІЗІМІ

 

2004 жыл 19 қаңтарында бекітілген

 

  1. Алфавиттік бас каталог (АБК). Міндетті. Қызметтік. Жеткіншектерге, жасөспірімдерге, кітапхана қызметкерлері мен жасөспірімдердің оқуына басшылық жасаушыларға арналған ШҚЖК қорындағы кітаптар, брошюралар және басқа да баспа басылымдарының библиографиялық жазбаларын қамтиды. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі арқылы ұйымдастырылады, жүргізіледі және өңделеді. Оқырмандардан тыс жерде орналастырылған. Қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
  2. Оқырмандарға арналған алфавиттік каталог. Жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналған ШҚЖК қорындағы кітаптар, брошюралар мен басқа да материалдардың библиографиялық жазбасын қамтиды. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырады, жүргізеді және өңдейді.
  3. Көркем әдебиеттердің тақырыбының алфавиттік картотекасы. Міндетті. Оқырмандық және қызметтік функцияларды атқарады. Жеке немесе жалғасымды баслымдар түрінде жарық көрген көркем әдеби шығармалардың библиографиялық жазбаларын қамтиды. Сонымен қатар, мерзімдік басылымдарда жарық көрген әдеьи шығармалардың да библиографиялық жазбаларын қамтиды. Қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
  4. Ноталық басылымдардың алфавиттік каталогы өзіне ноталық басылымдарды енгізеді: репертуарлық жинақтар, композиторлардың шығармалары, өлең жинақтары және т.б. алфавиттік ретпен.
  5. Аудиовизуалдық материалдардың алфавиттік каталогы. Міндетті. Өзіне видео- және аудио жазбаларын, диаматериалдарды, пластинкаларды, СД-ромдарды видео-және аудиокассеталарды және т. б. енгізеді. Оқырмандық және қызметтік функцияларды атқарады. Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі ұйымдастырады және жүргізеді. Каталогтар мен картоотекалар залында орналасқан. Орыс тілінде жүргізіледі.
  6. Алфавиттік – пәндік көрсеткіш (АПК). Міндетті. Оқырмандық және қызметтік функцияларды орындайды. Ол жүйелік каталог пен картотекалардың бөлімдері мен бөлімшелеріне сәйкес индексі көрсетілген пәндер мен ұғымдардың атаулары қамтылған пәндік рубрикалардың алфавиттік қатарын көрсетеді. АПК және жүйелік