Абонемент бөлімі

Абонемент бөлімінде пайдаланушылардың сұранымын, қызығушылығын, қажеттілігін керекті әдебиеттермен қамтамасыз етіп, жасы мен әлеуметтік ерекшіліктеріне қарай кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Кітапхана қорын барынша пайдалану мақсатында, қорды насихаттап, оқырманға құрамы мен мазмұны жайлы ақпарат береді.

Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында «Кел, сырласайық қыздар» клубы жұмыс жасайды.


Бөлім қызметі:


  • пайдаланушыларға қажетті әдебиеттер мен қызметтердің орналасуы туралы толық жан-жақты ақпарат беру;
  • жасөспірімдерді ұлттық және әлемдік әдебиеттерді оқуға, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
  • балалардың бос уақыттарын дұрыс және тиімді өткізуге бағыттау;
  • оқырмандардың уақытша пайдалануға алған әдебиеттерді өз мерзімінде қайтару мен сақталуына жауапкершілікпен қарауын түсіндіріп, қадағалау;
  • оқырман құрамын, олардың қажеттілігі мен қызығушылығын, ынтасын зерттеу;
  • ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер, әдеби кештер өткізу, айтулы күндер мен мерейтойларға арнап кітап көрмелерін, жаңа кітаптар презентацияларын ұйымдастыру;
  • «Мобильді QR – кітапхана» тақырыбында QR код арқылы смартфонға немесе планшетке Play Market-тен QR code reader программасында оқырмандарға мәтінді тыңдауға болатынын көрсетіп, таныстыру.