11 сәуір 2021

«Кітаппен бірге – Мәңгілік елге» жобасы аясында «ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл» тақырыбында буккроссинг ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімде ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай республика бойынша таңдалған отыз кітап, «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында жастарға арналған кітаптар, Отандық және шетелдік классиктердің шығармалары туралы мағлұмат берілді. Әскери бөлім қызметкерлері Н.Баятанаова, А.Әзбергенова, кітапханашылар Қ.Елекеева, А.Поштаева, П.Қоңырбаева жеке қорынан сарбаздарға оқуға кітап ұсынды. Сарбаздар «Психология войны» - Бауыржан Момышұлы, «Ақбілек» -Жүсіпбек Аймауытов, «Қарасөздер» -Абай Құнанбаев, «Махаббат қызық мол жылдар» - Әзілхан Нұршайықов, «Ай мен Айша» - Шерхан Мұртазаның кітаптарын оқуға қызығушылық танытты.

Аңсат Ташкенбаев, Бекнұр Нұрқанатов, Мади Келеш, Еркебұлан Шуақбай «Поэзия әлемі» тақырыбында әдеби композиция дайындап, ал жас талантты әнші №106 «Қайнарбұлақ» жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Арыстанбай Нұрғиса, кітапханашы Қ.Елекеева патриоттық әндер орындап, іс-шара ұлттық рухта өз мәресіне жетті.