27 мамыр 2021

Жергілікті ақын Сабырбек Нұрманұлының 65 жасқа толуына орай «Бағым, сезім таусылмас - құтым өлең» поэзия кеші өтті. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ магистрі Аққу Қоныспаева, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының жастары мен жетекшісі Марғуба Мұхтар, «Жеңілөнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары қатысты.

Кеш қонағы Сабырбек Нұрманұлы жастармен сұхбаттасып шығармашылық өмір жолы туралы әңгіме өрбітті, сұрақтарға жауап берді, сиясы кеппеген өлеңдерін оқыды.

«Трэнд» академиясының оқушысы Байдулла Балауса, «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы» жастары ақынның өлеңдерінен әдеби композиция ұсынды. Оқырмандар жазушының мәңгілік мұра болып қалған туындыларымен таныстырылды.