22 ақпан 2019

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Дала ойшылының даналық әлемі» атты Фараби оқулары өтті.

Қазылар алқасы: кітапхана директорының орынбасары Г.Жанысбекова, жоғары дәрежелі кітапханашы І.Жүсіпбекова, сектор меңгерушісі А.Алиева болды.

Байқауға колледж студенттері, мектеп оқушылары қатысып, ғұлама-ойшыл Әл-Фрабидің құнды жәдігерлері-трактаттарын жатқа оқу, әдеби сұрақтарға жауап беру, бір еңбегін зерделеп, мазмұнын түсіндіру бойынша жарысты. Қазылар алқасының шешімімен ең үздіктер анықталды. Жеңімпаздар: І орынды - А.Егизбек («Мирас» колледжінің І курс студенті), ІІ орынды- Д. Лесбек (Ақпан батыр атындағы №10 ЖОМ оқушысы), ІІІ орынды – У.Мусирманкулова («Сайрам» медициналық колледжінің студенті) және Н.Бахидин (№63 негізгі орта мектеп оқушысы) иеленді. Қатысушылардың барлығы Грамота, Алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.