6 наурыз 2019

Елбасы Н.Назарбаевтың рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналардың құрметіне, көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ұлы Дала. Ұлағатты Ана. Үлгілі Ұрпақ.» атты сырласу кеші өтті. Мерекелік кешіне ардақты аналар, танымал жазушы Мархабат Байғұттың жан-жары Қыздаркүл Пернебайқызы, Қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы Әжелер алқасының төрайымы Құрманбекова Шарапат, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Баян Тленшина қатысты. Аналарымыз отбасындағы ата- ана беделі, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі, ұлттық құндылықтар, ұлт тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері туралы әңгіме өрбітті.

Белсенді жастар әлемнің нұрына айналған алтын аналарымызға деген құрметін «Анашым», «Перзент парызы», «Ақ анам», «Әке-Ана» жыр шумақтарымен жеткізіп, әсем әндермен шашу шашты.