23 мамыр 2019

«2019 жыл – Жастар жылы», «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында Жыл кітабы болып таңдалған, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Біржан Байтуовтың «Бізден де өтер жиырма бес...» кітабы бойынша «Иманды – жанға желкен еткенде...» атты әдеби-сазды кеші өтті. Іс-шараға «Жеңіл өнеркәсіп және сервис», «Парасат», «Мирас», Шымкент Политехникалық колледжінің студенттері қатысып, ақынның шығармашылығы туралы ой өрбітті, әдеби композиция ұсынды.

Біржан Байтуов ақындық жолындағы ұстаздары, өмірдегі ұстанымдары туралы әңгімелеп, өскелең ұрпақты адалдыққа, имандылыққа, инабаттылыққа бағытайтын тағылымды ойларымен бөлісті, өлең-жырларынан шашу шашты.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің аға тілшісі, ақын Лаура Тастанбек, кештің басты кейіпкері, қадірлі қонағы жайында үлкен ілтипатпен, ерекше құрметпен әңгіме өрбітті. Қазақтың қонақ кәде дәстүрі бойынша, екі ақынның арасында керемет айтыс орын алып, көрермендерді тәнті етті.