19 маусым 2019

19 маусым – Қала күні. Шымкент қаласы Үшінші мегаполис атанғалы 1 жыл өтті. Осы орайда, «Ақылды қала-Шымқала» атты мерекелік кеш өткізді. «Жас өркен» шығармашыл жастар клубының белсенді жастары Шымкент қаласының тарихына тоқталып, өлең-жыр, әсем ән, күмбірлеген күйден шашу шашты.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, Қала күніне орай жарияланған «Ақылды қала-Шымқала» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шымқаланың сұлулығы мен тарихы көркемде әдеби тіл шеберлігімен жеткізген 6 қатысушы жеңімпаз деп танылды. Жүлдегерлерді кітапхана директоры З.Парымбекова құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Бас жүлде иегері Егізбек Айгерім – «Мирас» колледжі; І орын иегерлері Сейтхан Мерей – «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі», Қамбар Ақжүніс – «Политехникалық колледжі» ; ІІ орын иегері Қуандық Ақнұр – SILKWAY Халықаралық университетінің, ІІІ орын иегерлері Алдияр Асылзат – «Политехникалық колледжі», Бижігіт Жанар – «Парасат» колледжінің студенттері болды. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға Диплом, Алғыс хат және сыйлықтар тапсырылды.