5 шілде 2019

Еліміздің Бас қаласы, Қазақ елінің астанасы - Нұр - Сұлтан қаласының туған күніне орай «Паң Астана, Патша Астана, Өр болған» атты сазды-поэзия кеші өтті. Іс-шараға №6506 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, еліміздің астанасының шығу тарихы, өсу - өркендеу кезеңдері жайлы толық мағлұматпен қанықты. Кітапхананың белсенді жастары (Темірханов Бақнұр, Өмірқұл Береке, Әбдіразақ Жансая, Әбдіразақ Дина, Раманқұлова Дина, Поштаев Думан, Есенәлі Нұрислам, Әлжан Ақмарал, Таңатарова Аружан) Нұр - Сұлтан қаласының құрметіне патриоттық ән мен жырдан шашу шашты. «Алты алашқа тақ болған Астана- Нұр-Сұлтан» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді, әдеби викторина ойнатылды. Сазды кештен жүрегі Қазақстан деп соққан, әрбір сарбаз рухани азық, рухани-өнегелік тағылым алып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.