
5 шілде 2019 Домбыра күніне орай «Даламның жыры, бабамның үні домбыра» атты сазды кеш өтті.
«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы-домбыра. Оның сондай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра елдің көнекөз шежірешісі, көпті көрген қарияның көңіл күйі», – деп қазақ музыкасының білгірі А.Жұбанов айтқандай, бүгін қасиетті домбыраның құлағында ойнаған, әнді әуелеткен өнерлі жастар (Темірханов Бақнұр, Өмірқұл Береке, Әбдіразақ Жансая, Әбдіразақ Дина, Раманқұлова Дина, Поштаев Думан, Есенәлі Нұрислам, Әлжан Ақмарал, Таңатарова Аружан), қалалық жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарына, 6698, 6506 әскери бөлім сарбаздарына күмбірлеген күйлерімен, әсем әндерімен тамаша көңіл-күй сыйлады. Оқырмандарға ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалған қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы қызықты деректерден ақпарат берілді, кітап көрмесімен таныстырылды. |