
28 шілде 2019 Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен кемеңгер үш бидің орны ерекше.
Қазақтың дана билерінің бірі де бірегейі Әйтеке би Байбекұлының 375 жылдығына орай, «Көкірегі даңғыл дана би» атты тарихи-тағылымды кеш 6506 әскери бөлімде өтіп, жаңа шақырылымдағы сарбаздарға қазақтың атақты биі туралы толық мәлімет берілді. Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны, шешендік тағылымы туралы әңгімеленді. Сарбаздар арасынан суырылып шыққан «Қыран» және «Арлан» тобы «Бабалар тағылымы» -мәнерлеп оқу, «Қазақ билері» - көрініс, « Әйтеке би»- әдеби викторина және өз өнері бойынша білімдерін ортаға салды. Сайыс бар жерде жеңіс бар демекші «Қыран» тобы жеңіске жетті.
Кітапхананың белсенді оқырманы Ақерке Досқара, кітапханашы Құндызай Елекеева, өнерлі сарбаздар Мәңгілік елді ұлықтаған патриоттық әндер шырқап, болашақ кітапханашылар ОҚМУ ІІІ курс студенттері Муниса Ергашева, Гузаль Бекполатова, Роза Нишантаева Әйтеке бидің нақыл, даналық сөздерінен әдеби композиция ұсынды. |