Ойлы проза, сыршыл өлең

«Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт»


Мархабат БАЙҒҰТ


Бүгін «Бір қала – бір кітап» акциясының биылғы жыл кітабы болып таңдалған қаламгерлер М.Байғұт, Ш.Орынбай, Қ.Сарыбаев, Ә.Аймақ шығармашылығына арналған «Ойлы проза, сыршыл өлең» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Кітапхана басшысы Р.Бабажанқызы құттықтау сөзімен ашылған кеште ақын-жазушылар З.Қыстаубай, Ш.Орынбай, Т.Төрегелдиев, Қ.Көмек, Ә.Әліп, М.Мұхтар қатысып, жүрек жарды естелік толғанысты ойларымен бөлісті.

Кеште «Ғибраттық ғұмырлар» атты бейнебаян көрсетіліп, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚУ студенттері Ә.Сатбаева, Ж.Елемес, Ж.Тұрдалы, Н.Сералиев талантты суреткерлер Мархабат Байғұт, Шойбек Орынбай прозасы бойынша терең ой талдауларын жасаса, №43 мектеп окушылары А.Танысбек, К.Досымжан және «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру» орталығының шәкірттері сыршыл ақындар Қаныбек Сарыбай, Әбілдә Аймақ өлеңдерін оқып, сезімдерді толқытты.

Саз колледжі студенттері Е.Әсетұлы, А.Абылайхан, Е.Заман мен Ф.Жүзжасарова әннен шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.