Данная версия сайта больше не поддерживается. Предлагаем вам перейти на новую версию сайта.
![]() 24 маусым 2022 26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, келер ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануға, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру мақсатына «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәрбиелік ақпарат-сағаты өтті. Оған «Психикалық денсаулық орталығы» маманы – У.Жанмолдаева, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС» алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы –Д. Құтмамбетова арнайы шақырылды. Нашақорлыққа бой алдырған жастар туралы даярланған «Есірткі-қоғамның басты проблемасы» бейнефильмі ұсынылып, аталмыш тақырып тереңінен ашылды. |
|
![]() |