Данная версия сайта больше не поддерживается. Предлагаем вам перейти на новую версию сайта.
![]() 10 тамыз 2022 10 тамыз – Абай күніне орай, «Сіз Абайды қаншалықты танисыз?» тақырыбында қазақтың ұлы ақыны, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын жастар бойына сіңдіру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу мақсатында саябақ демалушылары арасында әлеуметтік сараптама жүргізілді. ![]() 10 тамыз 2022 10 тамыз – Абай күніне орай, «Абай мұрасы бүгінгі қоғамға қаншалықты қажет?» тақырыбында әдебиет жанашыры, РhD докторы - Жұматаев Нұрлыбекпен сүбелі сұхбат жүргізді. Нұрлыбек мырза: «-Абайдың арнайы күні болу керек. Оны құптаймын. Абай – қазақтың киесі! Күнде, қайырыла оқысақ та, еске түсірсек те артық емес.» - деген сияқты өз ойларымен бөлісті. ![]() 5 тамыз 2022 Биыл, аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигельдиновтің туылғанына – 100 жыл. Осыған орай, кітапхана ұжымы 35748 әскери горнизонының сарбаздарына «Ерлігі ескірмейтін батыр» тақырыбында кітап көрмесін жасақтап, шолу жасап, батыр ұшқыштың даңты ерліктері туралы әңгімелеп қайтты. Сондай-ақ, еліміздің болашақ қорғаушылары өздерінің әскери жолдағы жетістіктері мен қазақ батыры түсінігіне анықтама беріп өтті. Ұлттық тәрбиенің бастауы болып табылатын ұлтжандылық, ар-намыс, жауапкершілік сынды рухани құндылықтар талқыға салынды. ![]() 3 тамыз 2022 «Әжемнің ертегісі». «Жазғы оқу бағдарламасы» аясында кітапханалық лагерь өз жұмысын жалғастырды. ![]() 21 шілде 2022 Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, қазақ лирикасының шебері - Сырбай Мәуленовтің туғанына биыл - 100 жыл. Осыған орай, «Сөнбес сәуле» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик ұйымдастырылды. ![]() 20 шілде 2022 «Жазғы оқу бағдарламасы» аясында кітапханалық лагерь өз жұмысын жалғастырды. Балаларға жеміс – жидектің пайдасы туралы түсінік беру, олардың алуан түрлілігі туралы ұғымдарын дамыту, балаларды жүйелі ойлап, жүйелі жауап беруге дағдыландыру мақсатында «Балалар қолымен...» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. ![]() 19 шілде 2022 «Жазғы оқу бағдарламасы» аясында кітапханалық лагерь өз жұмысын жалғастырды. Балаларға ойын ойнату арқылы ой-өрісін дамыту, сөйлеу қабілетін жетілдіру, қарым-қатынас жасауға үйрету, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Ойнап өспеген, ойлап өспейді» тақырыбында ойын саяхатын ұйымдастырды. ![]() 14 шілде 2022 Жасырын камера: «Біз сізді іздейміз» акциясы жалғасуда. Кітапханашылар кітапсүйер оқырмандардың кітап оқып отырған сәтін «Абай саябағы» демалушыларының арасынан іздеді. Сырттай жасырын камераға түсіріп, кітапханамыздың оқырманы болуға шақырды. ![]() 8 шілде 2022 Биыл Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына - 355 жыл толуына орай кітапхана қорынан «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты үш бөлімнен тұратын арнайы кітап көрмесі жасақталып, әлеуметтік желі оқырмандары үшін виртуалды көрме-ақпарат ұйымдастырылды. ![]() 6 шілде 2022 6 шілде – Елорда күні. Мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Елордамыздың мерейлі күніне орай кітапханамыздың оқу залында «Ел мерейі – Елорда» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. ![]() 1 шілде 2022 3 шілде – Ұлттық Домбыра күні. Елімізде шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. ![]() 29 маусым 2022 Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы-журналист Сабырбек Олжабайдың 65 жылдығына арналған «Жүрегіне қаламын сүйеген» атты әдеби сазды кеш өтті. Жазушы-ақындар: Д.Танабай, С.Жанәбіл, С.Исақ, п.ғ.к,профессор Б.Ысқақ, Ж.Омарова атындағы №1 саз колледжі директоры Т.Қуандықов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы және кітапхана оқырмандарының қатысуымен болған кеште С. Олжабайдың сатиралық, прозалық шығармалары талданып, өлеңдері оқылды. ![]() 24 маусым 2022 26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, келер ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануға, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру мақсатына «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәрбиелік ақпарат-сағаты өтті. ![]() 16 маусым 2022 Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кең баба» саябағында 19 маусым - Қала күніне орай «Туған өлкем - қандай көркем!» атты мерекелік іс-шара өтті. ![]() 15 маусым 2022 Жазғы оқу бағдарламасы» аясында кітапханалық лагерь өз жұмысын жалғастырды. Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, жинақы болуға тәрбиелеу мақсатында «Ойна.Ойлан.Тап.» викториналық ойыны ойнатылды.Үй жануарлары, жеміс-жидектер, орман аңдары, тұрмыстық заттар бейнеленген картиналар, кеспе қағаздар, сюжетті суреттер арқылы сұрақтар беру арқылы бала ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдаған баланы тәтті мен бояуға арналған кітапшалармен марапаттады. ![]() 15 маусым 2022 Жасырын камера: «Біз сізді іздейміз» акциясы жалғасуда. Кітапханашылар кітапсүйер оқырмандарын «Абай саябағы» демалушыларының арасынан іздеді. Сырттай жасырын камераға түсіріп, кітапханамыздың оқырманы болуға шақырды. ![]() 14 маусым 2022 «Балалар қолымен...». Бұл күн балаларға еркін демалыс сыйлау күні болды, яғни бала еркіндігіне шектеу қойылмай залдан бөлінген үш аудиторияда өз жүректері қалаған іспен айналысты. Қол саусақтарының кіші моторикасын дамыту, адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында балаларға түсті қағаздан қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, «салем хат» конвертін жасаудан мастер класс өткізілді. ![]() 10 маусым 2022 Кітапхананың жанынан құрылған «Жақсымен өткен жарты сағат » клубы аясында жас ақын, "Ай-Зер" өлең кітапшасының авторы, бірнеше номинациялар иегері, қаламгерлер байқауының бірнеше жеңімпазы, облыстық байқаулардың поэзия жанры бойынша жүлдегері - Арайлым Мұраталиевамен қызықты сұхбат өтті. Есте қалған сәтті сапар мен жақсы жаңалықтарымен, сүрінгенде сүйеу бола білген жақын адамдары жайында тебірене әңгімелеп, алға қойған мақсат-армандарымен бөлісті. 2022 жыл өзі үшін сәтті жыл болатынын нық айтты. Әрине, жеке жыр-өлеңдерімен бөлісуді де ұмытпады. ![]() 9 маусым 2022 Жаз мезгілінде баланың пайдалы жұмыспен айналысуын, балаларды кітапханаға тартып, жазғы бос уақыттарын ойындар мен кітаптар арқылы ұйымдастыру мақсатында құрылған «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында кітапханалық жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің бүлдіршіндеріне «Жазғы демалыс - Кітап аралында» атты әдеби – ринг ұйымдастырды. ![]() 6 маусым 2022 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Табиғат соқпақтары» сурет салу байқауы өтті. Байқауға «Экология, өлкетану және туризм» орталығының «Жас суретшілер» үйірмесінің оқушылары қатысты. Оқушылар әсем табиғатымыздың ғажайып құбылыстарын ерекше бейнелеп қағаз бетіне түсіріп, қысқаша әңгіме құрап, табиғат жайында өлеңдер оқып берді. Қазылар алқасының шешімімен ең әдемі сурет иегерлерін арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды. ![]() |
|
![]() |