Абай мұрасы бүгінгі қоғамға қаншалықты қажет?

10 тамыз – Абай күніне орай, «Абай мұрасы бүгінгі қоғамға қаншалықты қажет?» тақырыбында әдебиет жанашыры, РhD докторы — Жұматаев Нұрлыбекпен сүбелі сұхбат жүргізді. Нұрлыбек мырза: «Абайдың арнайы күні болу керек. Оны құптаймын. Абай – қазақтың киесі! Күнде, қайырыла оқысақ та, еске түсірсек те артық емес.» – деген сияқты өз ойларымен бөлісті. Жастардың, жалпы қазіргі қазақ қоғамының Абайдан алыстап бара жатқандығы, Абайды өсиеттерін жүрегімен ұғатын, орындауға тырысатын ұрпақтың азайып бара жатқандығы өкінішті жағдай екендігін қынжыла айтып өтті. Әңгіме соңын Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін домбырамен орындап, әлеуметтік желі оқырмандарына тарту етті.

«Артқа