Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…

«Абай мұрасы – сарқылмас асыл қазына». Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ұлықтау, асыл мұрасын жастарға таныстыру арқылы, рухани тағылымды тәрбие беру, өлеңдері мен қарасөздерін үлгі ету мақсатында поэзия кеші өтті. Жасөспірімдер кітапханасы мен Тұрар Рысқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» атты поэзия кешін өткізді. Мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқыды, жауһар поэзия әлеміне сапар шекті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Дәрменбай «Абай мұрасы – асыл қазына» атты слайд арқылы, ақынның өмірдерегі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді. Көрермендер арасында әдеби викторина ойнатылып, рухани білімдері сараланды. Поэзия кешін кітапхана қызметкері Құндызай Елекеева, мектеп директоры Роза Жаңабаева қорытындылап, белсенді қатысқан балаларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

«Артқа