Абай Қалшабек

Ақын, аудармашы Абай Қалшабекпен онлайн-сұхбат тікелей эфирде көрсетілді. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысатын ақын оңтүстік өңіріне етене танымал «Дарын» стипендиясының иегері, «Шымкент 2009» республикалық жас қаламгерлер форумына қатысып, грант иегері атанған Абай Қалшабек оқырман қойған сауалдарға жауап беріп, өлеңдері арқылы көпшілікке рухани азық сыйлады. Кітапханашы Таңшолпан мен көрермендер сұрағына мазмұнды, дөп басып жауап берген Абай Қалшабек кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, оқырмандарыңыз көп болсын деген ізгі тілегін жеткізді. Facebook оқырмандары ақын сұхбатын сүйсіне тыңдап, керемет пікірлерін білдірді.

«Артқа