Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығында тікелей эфирде ақын «Үздік әлеуметті зерттеу» номинациясының иегері, 2020 жылы Қазақстанның «АЛТЫН КІТАБЫНА» еніп және «АЛТЫН КІТАПТЫҢ» медалімен марапатталған тележүргізуші Бакиев Ербек Мейрамбайұлымен арнайы онлайн-сұхбат өтті.

Ербек Бакиев «Шексіз мүмкіндік иегері» тақырыбында әңгіме өрбітіп, оқырман сауалдарына жауап берді. Ақынның шығармашылығымен таныстыру, сұхбат жүргізу арқылы жастарды мәдениеттілікке, руханилыққа тәрбиелеуде кітаптың ролі туралы айтылды. Сұхбат барысында кеш қонағы адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамға ілгерілету жайында әңгіме өрбітті. Кеш қонағы алдағы жоспарларымен бөлісіп, өз туындысынан өлең оқып, көрермендерді тәнтті етті.

«Артқа