Адамзаттың алыбы – хакім Абай

Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай Құнанбайұлының құрметіне «Абай күні» деген атаулы дата белгіленген болатын. Атаулы 10 тамыз күні кітапхана қызметкерлері Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Абай – тұтас бір әлем» кітап көрмесі көркемделіп, «Адамзаттың алыбы-хакім Абай» атты бейнеролик көрсетілімі оқырмандарға жол тартты. «Парасат жолы» орталығымен өткен «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты іс-шарада «Сырлы сөз» үйірмесінің тәрбиеленушілері Ақжан Жанәділ, Сая Әмірбек, Жарас Сматилаев Ұлы ақынның ұлттық өнеге, тағылымға толы шығармаларын оқыды.

«Артқа