Азаттық рухын асқақтатқан – ақын

Ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов 85 жасқа толуына арналған «Азаттық рухын асқақтатқан – ақын» поэзия кешіне «Жеңілөнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей оқушылары қатысты. Колледж жастары Бақтишат Дильназ, Болат Ұлдана, Октябрь Мөлдір, Илияс Хамизат қаламгердің туындыларын саралап, «От өрімдері» атты әдеби композиция ұсынды.

№9 лицейдің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Болтаева Гүлзифа Олжас Сүлейменов жайында өмірі мен шығармашылығынан ақпарат беріп, оқушылар ақынның патриоттық өлеңдерін оқыды. Көрермендермен «Сүмбіле жұлдыз» тақырыбында викторина ойнатылып, сұрақ – жауап орын алды.

«Артқа