Алаштың аққанат ақсұңқары

Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Алаштың аққанат ақсұңқары» атты тарихи кеш өтті. Іс-шараға «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицейдің 6 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Әдебиетші, ұстаз, әрі ғалым ретінде де танылған, Алаш қайраткері С.Қожановтың өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы бейнефильмнен мол ақпарат алды. Оқырмандар №9 лицейдің оқушылары дайындаған «Ұқсаң сөз бар, айтпасаңда болатын» – әдеби композиция арқылы, оның патриоттық өлеңдерінен рухани сусындап тарқасты. Оқырмандарға Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамбетов, С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, І.Жансүгіров, Б.Майлин және Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының өмірі мен еңбектері туралы ақпарат беріліп, викторина жүргізілді.

«Артқа